{metadescription}
Утильалымды алып тастау бойынша петиция талабы орындалмайды
Утильалымды алып тастау бойынша петиция талабы орындалмайды

Утильалымды алып тастау бойынша петиция талабы орындалмайды

Утильалымды алып тастау бойынша 50 мың қол жинаған петицияның талабы орындалмайды. Е-petition.kz порталындағы үндеуге қатысты өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерінің пікірі осындай.

Әділбек Бектібаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

Утильалым алынбайды. Ол туралы мен бір рет айтамын. Біздің министрлік нақты, бірден бүгін айтты утильалым алынбайды. Бастапқысы алынбайды және төмендемейді де.

Жауапты министрлік өкілдерінің айтуынша, еліміздегі автокөліктердің көбі ескірген. 633 мыңнан астам көлік міндетті техникалық байқаудан өтпепті. Қазір жоспарға сай арнайы жұмыс тобы ұсыныстарды әзірлеп, сол бойынша шаралар қабылдауда. Осы ретте Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтағы әріптестеріне 7 жылдан асқан көлік әкелуді тыйым салуды ұсынған. Тек ол жүзеге асуы үшін Одаққа мүше елдердің бәрі қолдауы қажет.

Айта кетейік, елімізде шетелден заңсыз әкелген мыңдаған ескі көлік үлкен наразылықтан соң екі мәрте заңдастырылған.

Әділбек Бектібаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

Еуразиялық одақта бес мемлекет. Әр шешімге бес мемлекет қол қоймаса, шешім қабылданбайды. Сол кезде жаңағы айтып жатқан жеті жылдық көліктерді Қазақстанға кіргізбейміз деп, сол шешімді қабылдау үшін барлық бес мемлекет келісім беруі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде