{metadescription}
Павлодар облысы: Көпірі суға кеткен ақсулықтар жем-шөпсіз қалуы мүмкін
Павлодар облысы: Көпірі суға кеткен ақсулықтар жем-шөпсіз қалуы мүмкін

Павлодар облысы: Көпірі суға кеткен ақсулықтар жем-шөпсіз қалуы мүмкін

Павлодар облысына қарасты Ақсу ауыл-аймағының шаруалары биыл жем-шөпсіз қалуы мүмкін. Өйткені бұндағы жайылым жерге апаратын жалғыз понтон көпірі суға кетіп, мал азығын дайындау қиындай түскен. Күні төрт түлікке қараған тұрғындар биліктен көмек сұрауда.

Көктас ауылындағы өзеннің екі бетін ұштастыратын жалғыз понтон. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл мәселе 20 жылдан бері шешілмей келеді. Биыл өткелді қалпына келтіру тіпті қиындай түскен. Сондықтан ауылдағылар төрт түлігіміз жем-шөпсіз қалып, малымыздан айырылып қаламыз ба деп алаңдаулы.

Шабындық жердегі шөп қазір белуардан келеді, дейді шаруалар. Алайда төрт түлікке күні қарағандар оған қол жеткізе алмай дал. Мұндағы шүйгін шөп бірнеше ауылдың малына азық.

Жанат Әбдірахмановтың отбасы да күнкөрісін тұяқты малдан көріп отыр. 10 бас малына жем-шөп қорын әзірлеуге кіріскен ол қыстан қалай шығамыз деп қамығады.

Жанат Әбдірахманов, Көктас ауылының тұрғыны:

Міне, біздің көпір, Осы көпірге қарап тұрған біз осы ауылдың жігіттері. Енді осылай байлап қойдық, өз күшімізбен. Тартып, орнына апарайық десек, шамамыз келмей жатыр. Суға кетіп қалса, қиын жағдай болайын деп тұр. Біздің шамамыз келмейді. Әкімдік істемесе, біздің шама келмейді.

Бұл мәселе осындағы тұрғындардың басты уайымына айналған. Себебі шаруалардың көбінде мал азығы азайған. Қыстың қамын жазда ойлаған ауылдықтар 5 мың гектар жайылым жерге өтудің бұл көпірден басқа жолы жоқ дейді. Бұған дейін ауылда осындай төрт бірдей өткел болған. Бірақ олар да талай жыл бұрын суға кетіп, жарамсыз күйде қалыпты. Жергілікті атқамінерлер бұл маңға жыл сайын келгенімен, тозығы жеткен ескі көпірді жөңдеп қана қоя берген. Одан мәселе шешілер емес.

Ал жақында жасалған жөндеу жұмысы еш нәтиже бермей, көпір толық суға кеткен. Сондықтан 50 жылдан астам уақыт тұрған көпірдің орнына жаңасын орнатып берсе, дейді.

Марина Смирнова, Көктас ауылының тұрғыны:

Әкімдік бұл көпірді жылда жөндейді. Бірақ тозған көпірді қайта-қайта жөндей бергеннен не пайда? Жыл сайын көретін жағдайымыз осы. Ол жақта жыл сайын өрт болады. Биыл қайталанса, өрт сөндірушілер қалай өтпек? Біздің жанайқайымызды жергілікті билік, облыс әкімдігі естісе дейміз. Біздің тұрмыс-тіршілігіміз, күнкөрісіміз малға қарап тұр. Сондықтан ауыл тұрғындарының ертеңі үшін жаңа көпір салып беруді сұраймыз.

Жергілікті шенділердің сөзінше, жаңа көпір мәселесі келер жылы шешілмек. Ауыл әкімінің айтуынша, бүгінде құны 4,5 млн теңгені құрайтын жоба әзірленді. Ал жаңа көпірді салу алдағы жылы ғана қолға алынбақ.

Амангелді Рүстемов, Қанаш Қамзин ауыл округінің әкімі:

 Биыл жобаны дайындауға, жаңа көпір салуға 4,5 млн жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Сол жоба жасалып, сараптамадан өткізілген соң, 2025 жылда жүзеге асыруға, көпір салуға қаражат сұраймыз.

Әкімдіктегілер алдымен ескі өткелді қалпына келтіруді алдағы күндері жалғастырамыз деп сендіріп отыр. Ол да қолдан келмеген жағдайда шабындық жерге арнайы техника өткізіп, шөп шабу жұмыстары жүргізіледі, дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде