{metadescription}
Олжас Бектенов: Астананы газдандыру төмендеп барады
Олжас Бектенов: Астананы газдандыру төмендеп барады

Олжас Бектенов: Астананы газдандыру төмендеп барады

Астанаға газ тарту қарқыны төмендеген. Премьер-министр Үкімет отырысында бас қаланың көгілдір отынмен қамтылу деңгейін сынады. Сондай-ақ, көлігіне рұқсат етілмеген жерде газ орнатып алып, өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіретін жүргізушілерді қатаң жазалау керек екенін айтты.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Астана қаласында газдандыру деңгейі төмендеп барады, жылдан жылға. Былтыр 15,1 пайыз болса, биыл 14,3 пайыз. Газбен жүретін көліктердің жыл сайын өсіп келе жатқанын ескере отырып, газ баллонын орнату кезінде заңнаманы бұзу фактілерінің саны да артып келеді. Мұндай жағдайдар азаматтардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан ішкі істер және энергетика министрліктеріне көлікті қайта жабдықтау және техпаспортта тиісті белгінің болмауына байланысты кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейту жөнінде шара қабылдауды тапсырамын.

Жалпы, былтырға қарағанда газбен жүретін көлік саны елімізде 18 пайызға артқан. Ресми мәлімет бойынша 582 мың жеңіл машина сұйытылған газ тұтынады. Сәйкесінше, отынның осы түріне сұраныс артқан.

Қазақстанның арзан газын көршілес елдер де пайдаланып жатыр дейді энергетика министрі. Шекаралас өңірлердің жүргізушілері Қазақстанға келіп, қажет қорын молынан алып кетеді. Сондықтан жуырда газ бағасы бірден емес, біртіндеп өседі дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Сұйытылған газға төмен баға белгілеуге байланысты еліміздің автокөлік жүргізушілерін осы отынға ауысуы байқалады. Бұл өз кезегінде тұтынудың артуына себеп болып отыр. Тұтынуға жүргізілген талдау өңірлер арасында бөлінуде, әсіресе шекаралас өңірлерде сұраныс өскенін көрсетіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.