{metadescription}
Үкімет болашақта бірнеше АЭС салуға ниетті
Үкімет болашақта бірнеше АЭС салуға ниетті

Үкімет болашақта бірнеше АЭС салуға ниетті

Үкімет болашақта бір емес, бірнеше АЭС салуға ниетті. Энергетика министрлігі отандық атом-энергетикасының тасын өрге домалатып, тұтастай жаңа технологияларға көшеміз деп жоспарлап отыр. Дегенмен түпкілікті шешімді халық референдумда шешеді дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Жалпы Алматы облысы Үлкен ауылында АЭС салынып, нысан толыққанды іске қосылғаннан кейін, Үкімет басқа өңірлерде де жаңа станциялардың құрылысына кіріспекші. Әзірге бірінші нысанның құрылысына қанша ақша жұмсалатыны белгісіз. Нақтыланған бюджет тек күзде өтетін референдумнан кейін белгілі болады. Дегенмен министр Алмасадам Сәтқалиев, АЭС коммерциялық жоба болғандықтан, қаржыландыру жағы да шетелдік инвестордың мойнына ілінетінін жоққа шығармады

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Еуропаның өзінде атом электр энергиясын «жасыл электр энергиясы» деп мойындады. Біріккен Араб Әмірлігінде де қоршаған ортаға тигізетін зиянды зерттеу жайлы өткен конференцияда 60 ел атом энергиясын пайдалануды кеңейту жайлы келісімшартқа қол қойды. Алдағы үш жылда атом электр энергиясын пайдалану үш есеге артылады деп отыр. Қазақстанда да осы тұрғыда ортақ ережелерді пайдалана отыра жүзеге асырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде