{metadescription}
Шымкент: Конго-Қырым геморрагия безгегінен бір науқас көз жұмды
Шымкент: Конго-Қырым геморрагия безгегінен бір науқас көз жұмды

Шымкент: Конго-Қырым геморрагия безгегінен бір науқас көз жұмды

Шымкентте бес адамды кене шағып ауруханаға түссе, Конго-Қырым геморрагия безгегінен бір науқас көз жұмды. Қазір жұқпалы ауруға шалдықты деген күдікпен екі науқас емделіп жатыр.

Көктем мен күз арасында қозатын жұқпалы ауру, әсіресе күн ысығанда күшейеді екен. Себебі осы кезде кененің уыты көбейеді дейді мамандар. Өткен маусым айының соңына қарай Шымкент жұқпалы ауруханасына Сайрам ауданынан ауыр жағдайда түскен 61 жастағы азамат есін жимастан жансақтау бөлімінде демі үзіліпті. Конго-қырым геморрагия безгегін жұқтырған тағы екі науқас емделіп,олар үйіне жіберілген. Дәрігерлер кене шаққандарға дер кезінде ем-дом көрсетілмесе, кем дегенде мүгедек боп қалуы мүмкін деп ескертеді.

Мұрат Ибишев, Шымкент жұқпалы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

  Инфекциялы ауру интоксикациямен өтеді. Біріншіден, дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, бұлшық еті ауырады, жүрегі айниды, құсады. Ол бірінші 4-5 күнде. Кейін айқын кезеңдегі геморраген белгілері деп айтамыз, мұрнынан қан кетіп, жатырынан қан кетіп, денесіне бөртпе шығады, гематома дейміз. Ол кезде айқын геморраген кезеңіне түскеннен кейін келіп түседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде