Шомылу мауымы ашылғалы елімізде 85 адам суға кетіп өлген
Елімізде балалардың суға кетіп жатқан оқиғалары жиіледі. Шомылу мауымы ашылғалы елімізде 85 адам суға кетіп, көз жұмған. Оның 35-і — бала. Өзен-көлдерде қайғылы оқиға дерегі өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен.
Автор: Сәбит Әлдебай
16.07.2024
Жазатайым оқиғалар әсіресе демалыс күндері жиі тіркеледі. Жақында ғана Оралда Жайық өзеніне үш жеткіншек батып кетіп жазым болды. Бір сыныпта оқитын 12-13 жастағы қыздар Ақжайық ауданындағы Мерген елдімекені маңында суға түскен. Із-түзсіз кеткен қыздарды 70 құтқарушы бір күн бойы іздеді. Олардың денесі шомылуға тыйым салынған орыннан табылған.
Динара Нұрғалиева, ҚР ТЖМ ресми өкілі:
— Тыйым салынған жерде шомылу өмірге қауіп төндіріп қана қоймай, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Тек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!