{metadescription}
Семейде аспалы көпірді жөңдеп жатқандар жұрттың күлкісіне қалды
Семейде аспалы көпірді жөңдеп жатқандар жұрттың күлкісіне қалды

Семейде аспалы көпірді жөңдеп жатқандар жұрттың күлкісіне қалды

Семейде аспалы көпірді жөңдеп жатқандар жұрттың күлкісіне қалды. Асфальттың шұрық-тесігін бітеп жатқан жұмысшылар шайырды шелекке салып, газ баллонның күшімен ертуде. Ал мұны тұрғындар атқамінерлердің көзбояушылығына теңеп отыр.

Роллан Мәшпиев:

Келесі жылы аспалы көпір толық жөнделеді. Келесі жылға дейін «біраз шыдай тұрсын» деген жұмыс болып жатқан секілді. Тарап жатқан видеоларға қарасақ, дұрыс техника жоқ. Экскаватормен қопарып жатыр. Содан кейін шелекпен тасып жатыр. Оның бәрі дұрыс емес.

Ертістің екі бетін жалғап тұрған аспалы көпір бүгінде тозып кеткен. Талай жылдан бері күрделі жөңдеу жүргізілмеді. Ескірген асфальты қырық жамау. Ал биылғы жөңдеу көптің көңілін көңшітпеді. Себебі, жұмысшылардың шайырды шелекке салып, газ баллонның күшімен ерітіп құйған видеосы тарап кеткен. Оған тұрғындардың бірі жергілікті билікті босатуды талап етсе, енді бірі көзбояу әрекетімен төселген асфальттың шыдас бермейтінін айтады.

Әкімдік көпірді қалпына келтіруге 90 млн. теңге бөлінгенін жеткізді. Сондай-ақ күрделі жөңдеу келесі жылға қалғанын айтып ақталды. Ал жұрттың наразылығын тудырған видеоға қатысты оның айтар өз уәжі бар.

Әділбек Увасилов, Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Бұл өзінің технологиясы бойынша істеледі. Бұның астында темір төсем болғандықтан, бұл жерге кәдімгі асфальт келмейді. Сондықтан оған керекті материалды отпен қыздырып жабыстырамыз. Одан кейін, оның үстіне битум жағып асфальт саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде