{metadescription}
Уақыт белдеуі: Петицияға қатысты шешім тамызда жарияланады
Уақыт белдеуі: Петицияға қатысты шешім тамызда жарияланады

Уақыт белдеуі: Петицияға қатысты шешім тамызда жарияланады

Уақыт белдеуін кері қайтару туралы халық петициясына қатысты түпкілікті шешім тамыздың басында жарияланбақшы. Әзірге Үкімет жанынан құрылған арнайы топ екінші кездесуін аяқтады. Мұнда қазақстандықтардың сағат тілінің бір сағатқа артқа шегінуіне қатысты шағымы тыңдалып жатыр.

Жұрт бұрынғы сағат белдеуіне көшуді талап етіп ресми платформада петиция жариялаған-ды. Тиісті 50 мың қол жиналғаннан кейін, салаға жауапты сауда және интеграция министрлігі ғалым, сарапшылармен бірлесе талқылау өткізіп жатыр. Еліміз жаңа уақыт белдеуіне көшкеніне бесінші айдың жүзі болды. Петицияға қол қойғандар «ұйқымыз бұзылып, күнделікті тіршілігімізге зиянын тигізіп жатыр» деген пікірде. Дегенмен мамандар сағаттың ауысуы қазір болмаса да, алдағы уақытта ұлт болашағына оң пайдасын тигізеді деп отыр.

Болат Нұрқожаев, сарапшы:

Осы уақытқа дейінгі бірінші отырыста қарсылардың келтірген ұйқысыздық, басқа ауру тудырады дегеніне стандартты уақыт екендігіне ешқандай дәлел келтірген жоқ, бірінші отырыста. Ал мен бүгін «декрет уақыты» деп айтамыз, Кеңестер уақыты, соның адам денсаулығына зиян екенін дәлелдеп бердім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде