{metadescription}
Ақсу-Аюлы маңында жол апатынан үш адам қаза тапты
Ақсу-Аюлы маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

Ақсу-Аюлы маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға тағы да Алматы - Екатеринбург тас жолының бойындағы Ақсу- Аюлы ауылының маңында болған.

Красноярдан Шымкетке бет алған жолаушылар автобусы Chery Tiggo жеңіл көлігімен бүгін таңғы сағат алты шамасында соқтығысқан. Сол жерде жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмыпты. Ал автобуста 51 жолаушы болған. Оның жүргізушісі мен үш жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Ең өкініштісі, жол апатына ұшырардың алдында екі көліктің жүргізуішісін де трасса бойында жол сақшылары жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатып, ескерту жасапты.

Жасқайрат Каиров, Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары:

Екатеринбург - Алматы трассасында жол сақшылары тобы күшейтілді. Қазір 25 автокөлік қызметте. Бұрын 12 мамырға шейін 12 автокөлік болатын. Күніне мыңнан астам автокөлікпен профилактикалық әңгіме өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.