Тасқын: Үйлерді қалпына келтіру мерзімі бір айға кешеуілдеп жатыр
Тасқыннан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру көрсетілген мерзімнен бір айға кешігуде. Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрлерді жинап, атқарылып жатқан жұмысқа көңілі толмайтынын айтты. Әзірге Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары ғана кесте бойынша келе жатыр.
Автор: Айжан Шамшидин
17.07.2024
Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола мен Атырау облыстарында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар қыс жақындағанда ғана баспанасына кіруі мүмкін. Өйткені мұнда жұмыс тым баяу. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қызыл судың құрсауында қалып, бір-ақ күнде мал-мүлкінен айрылған ағайын қазанға дейін су жаңа шаңырағының кілтін қолына алуы керек. Әрі қарай алдағы аязды күндерге қыстық отын дайындап, қора-қопсыларын реттестіруге уақыт қалдыру қажет. Олжас Бектенов тапсырмаға селқос қарап, жұрттың наразылылығын тудырған әкім қаралармен әңгіме басқаша болады деп қатаң ескертті.
Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:
— Бірқатар аймақта құрылыс жұмысы 15-25 күнге кешеуілдеп жүргізіліп жатыр. Үй салуда да заң бұзушылықтар анықталуда. Кейбір тұрғызылған үйлер стандартқа сай келмейді. Жергілікті әкімдер барлық жұмыстың сапалы орындалуына басымен жауап беретінін атап өткім келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!