{metadescription}
«Су құрғатылды». Алматы әуежайы штат режимінде жұмыс істеп жатыр
«Су құрғатылды». Алматы әуежайы штат режимінде жұмыс істеп жатыр

«Су құрғатылды». Алматы әуежайы штат режимінде жұмыс істеп жатыр

Жөндейтін жері жетерлік. Бірақ Алматы халықаралық әуежайы штат режимінде жұмыс істеп жатыр. 200 миллионнан аса долларға салынып, мақтауын асырған жаңа терминалды күні кеше су басқан еді.

Жағдайды көріп жағасын ұстаған жолаушылар бірден таспаға тартып алған. Әуежайдың ішіндегі су тобықтан келеді. Қызметкерлері еден жуғышпен оны шығарып әлек. Ал ғимарат сыртындағы жағдай тіптен қиын. Видеодағы ұшақтар мен көліктер құдды бір көлдің ортасында қалқып жүргендей. Сөйтсе, кешегі жауын-шашыннан мақтаулы әуежайдың арықтары бітеліп қалыпты. Осылайша су екі терминалдың ортасына жинала берген. Екіншісі төмендеу орналасқасын, жауын суы жаңа ғимаратқа лап берген.

Бірақ әуежай жұмысын тоқтатпады. Ұшып келген жолаушылар бірінші терминал арқылы өтіпті. Түнгі 9-ға дейін мамандар ақауды реттеген екен. Қазір әуежайдағы жағдай қалыпты. Кеше малмандай су боп жатқан жер құрғатылған.

Найля Жабагина, Алматы халықаралық әуежайы корпоратив байланыстар департаментінің басшысы:

Барлық рейске уақтылы және кідіріссіз қызмет көрсетілді. Қазір жауын суы ағатын кәріз жүйесіне инспекция жүргізіліп, оны күшейтуге жоспар әзірленіп жатыр. Алматы халықаралық әуежайы, болашақта осындай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шара қабылдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде