{metadescription}
Egov ескертеді: 1414-хабарламасына сақ болыңыз
Egov ескертеді: 1414-хабарламасына сақ болыңыз

Egov ескертеді: 1414-хабарламасына сақ болыңыз

1414-тен келген хабарламаны ашамын деп, алаяқтың арбауына түсуіңіз мүмкін. Бұл туралы бүгін Egov шұғыл ескерту жасады. Себебі, арам пиғылдылар тұрғындарға хабарласып, осы нөмірден келген кодты сұрау соңғы кезде жиілепті.

Олар осылайша азаматтардың жеке деректерін ұрлайды. Сөйтіп атыңызға несие рәсімдеп, миллиондаған қарызға батыруы ғажап емес. 1414 электронды үкіметтің біріңғай байланыс нөмірі болғандықтан, жұрт хабарласқан бейтаныс адамнан еш күдіктенбейді. Әсіресе қариялар осындай алаяқтарға жиі алданып жүр. Бармақ тістеп қалмас үшін мамандар хабарлама арқылы келген санды ешкімге айтпау керек екенін қатаң ескертеді. Электронды цифр қолдың кілтін де құпия ұстаған абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.