{metadescription}
Бірқатар кәсіп иелері жалпыға бірдей декларациядан босатылды
Бірқатар кәсіп иелері жалпыға бірдей декларациядан босатылды

Бірқатар кәсіп иелері жалпыға бірдей декларациядан босатылды

Түрлі кәсіптің басын ұстаған бірқатар азаматтар жалпыға бірдей міндеттелген декларация тапсырудан босатылды. Атап айтқанда, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен еліміздің резидент емес тұлғалары енді бұл машақатпен басын қатырмайды.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап жалпыхалықтық декларация тапсырудың үшінші кезеңі басталады. 15 қыркүйекке дейін заңды тұлғалар мен олардың жұбайы, жекелеген кәсіп иелері кіріс көзі мен активі жөнінде ақпарды жария етуі тиіс. Есеп қағаз жүзінде де, электронды форматта да қабылданады.

Ал келесі жылдан бастап кәмелетке толған кез келген қазақстандық кірісі жөніндегі мәліметті «e-salyqazamat», «салық төлеуші кабинеті», «электрондық үкімет» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға міндетті. Мал-мүлкін жария етуде мүлт кеткен отандастарымызға қатесін түзеуге үш жыл уақыт беріледі. Жалпы жүйе арқылы бас-аяғы 13 млн адамның жағдайы тексерілмекші.

Дина Құсайынова, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:

Жалпыхалықтық декларациядан бас-аяғы 13 миллион адам өтеді деп жоспарлануда. Жуырда ғана салық кодексіне өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес, бейрезиденттер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары 2023 жылдан бастап декларация тапсырудан босатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде