{metadescription}
Алматыда автобусқа жеңіл көлік соғылып, екі адам қаза тапты
Алматыда автобусқа жеңіл көлік соғылып, екі адам қаза тапты

Алматыда автобусқа жеңіл көлік соғылып, екі адам қаза тапты

Алматыда тағы автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Өз жолымен келе жатқан қоғамдық көлікке қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл машина келіп соғылған.

Toyota Windom маркалы көлігінің жүргізушісі тізгінге не себепті ие бола алмай қалғанын сараптама анықтайтын болады. Қатты соққыдан жеңіл машинадағы екі адам оқиға орнында тілге келместен көз жұмған. №75 бағыттағы автобуста отырған жолаушылар дін аман.

Сондай-ақ түнде адам өлімімен аяқталған жол апаты Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында тіркелді. BMW жүргізушісі жол жиегінде бұзылып тұрған Nissan көлігін жөндеп жатқан екі адамды қағып өткен. Қатты соққыдан «Ниссанның» 48 жастағы жүргізушісі сол жерде қаза тапқан. Ал қасындағы жолаушысы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліпті. Қайғылы оқиғаларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде