{metadescription}
КТК арнасының атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз
КТК арнасының атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз

КТК арнасының атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз

КТК атын жамылған алаяқтар. Әлеуметтік желіде арнамыздың атынан жалған жарнама жасап, жұртты сан соқтыратындар көбейді. Біздің жүргізушілердің түрін пайдаланып, жасанды интеллект көмегімен жұртты инвестиция жасауға шақырады. Аңғал халық бұған еш күмәнсіз сеніп қалып жатыр. Интернет алаяқтар халықтың ақшасын алған соң, ұшты-күйлі жоқ болады. КТК арнасы ешкімді, ешқашан әлдебір ұйымға немесе күмәнді бизнеске ақша салуға үндеген емес. Сіздерді сақ болуға шақырамыз.

Халықтың сеніміне кіру үшін алаяқтар түрлі қитұрқы әрекетке барады. Енді қылмыскерлер телеарна атын жамылуға кірісіпті. Яғни жүргізуші мен тілшілерімізді жасанды интеллект арқылы сөйлетіп, инвестиция жасауға шақырады. Тіпті белгілі блогерлер мен екінші деңгейлі банк өкілдерін де пайдаланған.

В Казахстане появилась возможность быстро закрыть свои долги.

Житель Астаны всю жизнь испытавщий финансовые трудности ,и работавший по 12 часов в день...

«Инвестициялық бағдарламаға ақша құйсаң, байып кетесің» деген жалған жарнамаға сеніп қалғандардың бірі қарағандылық Рыскүл Белгібекова. Ол инстаграм желісінде отырып, аталмыш видеоларға тап болған. Рыскүл КТК жаңалықтарының тұрақты көрермені болғандықтан, еш күдіксіз алаяқтарға ақша аударып жіберіпті.

Рыскүл Белгібекова:

«Аз ақша төлейсіз, ол көбейіп, осындай көлік, пәтер алып жатырә деп, мен соған нанып қалдым. Енді өзімнің басында кредитім бар, кредитімді төлеп ала қояйын, жағдайымды түзеп алайын дедім. КТК арнасының жүргізушісі сөйлеп тұрғаннан кейін, мен, рас, сеніп қалдым.

Әйел қылмыскерлерге жалпы соммасы 90 мың теңге жіберген. Ал олар осы қаражаттың 4-5 есе болып қайтатынын айтыпты. Бірақ аңғал халықтың ақшасын алған соң, олар лезде ізін суытады. Желіде мұндай жарнамалар тек КТК емес, өзге арналардың да атынан жасалып жүр.

Бауыржан Жасболатов, Астана ПД КПБ аға жедел уәкілі:

Азаматтардан белгісіз абонент нөмірлер мен мессенджерлерге диалогқа түспеуін, сондай-ақ, ешбір жағдайда белгісіз банктің шотына ақша аудармауын және кез келген күдік тудырған факті туралы дереу 102-ге, полицияға хабарлауды сұраймыз.

Полицейлер жасанды интеллекті алаяқтардың сенімді құралына айналғанын айтып отыр. Жұрттың ақшасын қалтасына басуды көздегендер тек БАҚ емес, сондай-ақ, Ұлттық банк, құқық қорғау органдары мен өзге де ведомстволардың атын жамылатын болған. Алданып қалмас үшін аса сақ болған абзал. Ешқандай да қаржы ұйымы, әсіресе, КТК арнасы ешкімді оңай табыс табуға үндемейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде