{metadescription}
Маңғыстау: Мұнайлыда үш жыл бойы сасық иістен зардап шегіп отыр
Маңғыстау: Мұнайлыда үш жыл бойы сасық иістен зардап шегіп отыр

Маңғыстау: Мұнайлыда үш жыл бойы сасық иістен зардап шегіп отыр

Үш жыл бойы жағымсыз иістен құтыла алмай келеді. Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының тұрғындары тағы шағым айтты. Күлімсі иіс терезе аштырмайды. Амалсыздан үйін сатып, көшуге мәжбүр. Айналадағы зауытттардан шыққан иіс денсаулыққа да зиян келтіргенін айтып отыр. Ал жерігілікті экологтар жағдайды білгенімен, шара қолданып жатқаны шамалы дейді.

60-ты алқымдаған Қарлыға Байназарова жағымсыз иістен денсаулығы сыр бергенін айтады. Далаға шыққан бойда жұтына алмай, демалуым қиындайды, деп, бала-шағасының жағдайына алаңдап отыр. Өзі сияқты ауруға шалдыға ма деп қорқады.

Қарлығы Байназарова:

Асқазаным да дұрыс істемейді. Дәрі-дәрмек ішіп жатырмыз. Иісті көтере алмаймын, қазіргі жастар да менің ауруыммен ауырады. Негізі Маңғыстау облысынан. Көп сондай ауру. Бұрын жоқ еді, қайдан тарап жатыр? Экологияны кәдімгідей улап жатыр. Сонда өзіміз тұратын жерімізде өмір сүріп келе жатыр. Біздің бала-шағамыз ауру, екінің бірі мүгедек.

Шерқала тұрғындарының да уайымы бір. Ауыл маңындағы зауыттардан шыққан иіс олардың да құтын қашырған. Құзырлы мекемелерге бірнеше рет шағымданған екен. Экология департаментінен мамандар келгенімен, нәтижесіз қалған.

Бақыт Әлімбаева:

Облыс әкіміне, аудан әкіміне де хат жаздық. Тексеріп келгенде экологтар «көрсеткіш аз» деп берді. Наурыз айында ауданға облыс прокорурының орынбасары келді, қабылдауында болдым, тексеріп келгенде «иіс бар» деген еш нәтиже көрсеткен жоқ. Ол көрсеткішке мен сенбей отырмын. Иіс жаман шығады, аллергиямен ауыратын екі ұлым, иіс босла, қатты ауырады. Таңғы сағат 5-те тұрып есікті ашсақ, үйімізге кіріп кетеді . Осы мәселені облыс деңгейінде экологтармен шешіп берсеңіз.

Мұнайлы ауданында аллергияға шалдыққан тұрғындар саны артқан. Соңғы жылдары бес мыңнан астам адам емделіпті. Аудандық аурухана мамандары барлық ауылдарда көрсеткіш бірдей екенін айтады. Экология департаментінің мамандары жағымсыз иіс зауыттардан шыққан жоқ, қоқыс полигонын өртеуден шыққан түтінтен деп отыр.

Асан Қаржаубаев, Маңғыстау облысы экология департаментінің бөлім басшысы

Зауыттар жанындағы санитарлық қорғау аймағынан сынама аламыз, сынама көрсеткішінде шекті рұқсат етілген, концентрация асқан жоқ. Одақ полигонынан шекті рұқсат етілген концентрация асып тұрады, сәуір айында 7 есе, мамырда 10 есе, 11 есе асып тұрады. Түрлі қоқыс қалдығы бар, тұрғындардан жиналатын, контейнерлерден жиналатын. «Ганк 4» деген аппаратым бар, сонымен тексереміз.

Ал тұрғындар экология департаменті мамандарының жүргізген тексерісінің қорытындысына сенбейді. Сондықтан тәуелсіз сарапшылар келіп, зауыттар мен полигонның маңын тексеруді сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде