Лудомания: Енді мемлекеттік клиникаларда да анонимділік сақталады
Қазақстанда 19 адам ғана лудомания диагнозымен ресми тіркелген. Өйткені құмар ойынға байланған азаматтар өзінің атын атап, түсін түстегісі келмейді. Сондықтан көбіне жекеменшік клиникаларда ғана емделіп, жасырын жүр.
Автор: Айжан Шамшидин
18.07.2024
«Ресми статистика еліміздегі құмар ойынға тәуелділік жағдайын шынайы көрсетпейді» деп отыр жауапты сала өкілдері. Себебі мұндай азаматтар мемлекеттік клиникадан көмек сұрап есепке тұрса, жоғарғы оқу орнына түсе алмайды, әскерде қызмет ете алмайды, сондай-ақ жұмысқа да орналасу мүмкіндігінен қағылады. Сондықтан емделушілер қайткен жағдайда да қаражат тауып, аноним көмек алуды жөн санайды.
Енді жаңа заңға сәйкес, мемлекеттік клиникаларда да 100 пайыз құпиялылық сақталып, науқастың алдағы өміріне әсер етпеуі керек.
Мирас Төлебаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
— Әрине, бұл статистика нақты жағдайды көрсетпейді. Науқастың көбі көп ақша жұмсап, жеке ұйымдарда оңалтудан өтеді. Енді мемлекеттік клиникаларда да анонимділік сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!