{metadescription}
Вейп: Дүкенде құрыса да, қоймаларда толып тұр
Вейп: Дүкенде құрыса да, қоймаларда толып тұр

Вейп: Дүкенде құрыса да, қоймаларда толып тұр

Дүкен сөресінен құрыса да, қоймаларда толып тұр. Вейп сатуға тыйым салынғанына қарамастан, амалын тауып, заңсыз сауданы қыздырып жатқандар саны азаяр емес. Астана мен Алматыда полицейлер бір реттік электронды темекінің ірі партиясын тәркіледі.

Алматыдағы көпқабатты үйдің жертөлелері мен компьютерлік клубтарда вейп емін-еркін саудаланған. Оны клиенттер онлайн платформа мен мессенджерлердегі жабық топтар арқылы табатын көрінеді.

Ал Астанадағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірі вейп сақтап сататын орынған айналған. Онда 20 мыңнан астам электронды темекі табылды. Негізінен интернет-дүкен арқылы сауда жүргізіпті. Қойманың қожайыны сатушы, курьерлер, сұрыптаушылар мен ревизорларды қосқанда, он адамды жұмыспен қамтып отырған.

Қазір осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, заң бұзушыларға 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылмақ. Қайталанған жағдайда 50 тәулікке қамаолуы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Мессенджерлер арқылы күдіктілер тауар саны мен жеткізілетін мекенжайы көрсетілген онлайн тапсырыспен алып отырған. Сатып алушыға жеткізу курьер қызметі арқылы жүзеге асырылған. Бір кездері жұмыс істеген ресми дүкендер жабылғандықтан, онлайн түрде вейп сату деректері бар. Тек соңғы тәуліктің ішінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам вейп пен оның құрамдас бөліктері тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.