{metadescription}
Маңғыстауда ұсталған шетел азаматы есірткі пакетін жұтып қойған
Маңғыстауда ұсталған шетел азаматы есірткі пакетін жұтып қойған

Маңғыстауда ұсталған шетел азаматы есірткі пакетін жұтып қойған

Қорыққанынан есірткіні жұта салған. Маңғыстау облысында психотроп затты шекарадан өткіземін деп, өліп қала жаздаған Өзбекстан азаматы ұсталды.

Оны Бейнеу ауданындағы «Тәжен» кеден бекетінде тоқтатыпты. Тексеріс кезінде қалтасынан жасыл орамдағы белгісіз зат табылады. Дәл сол сәтте 33 жастағы ер адам оны қызметкердің қолынан жұлып алып, лезде жұта салған. Жазадан жалтарғысы келген азаматты сақшылар дереу орталық ауруханаға жеткізіпті. Сонда іш-құрылысын арнайы құрылғымен тексеріп, есірткіні асқазанынан тапқан.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 гр. Психотропты метамфетамин гидрохлориді болып шықты. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірті заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.