{metadescription}
Джо Байден: Дәрігерлер талап етсе ғана додадан бас тартамын
Джо Байден: Дәрігерлер талап етсе ғана додадан бас тартамын

Джо Байден: Дәрігерлер талап етсе ғана додадан бас тартамын

АҚШ президенті Джо Байден короновирус жұқтырды. Ауруы асқынып кетсе, тіпті сайлаудан да бас тартуы мүмкін. Өйткені Байден осымен үшінші рет COVID-19 дертіне шалдығып отыр.

Ақ үй басшысы күні кеше Лас-Вегастағы сайлауалды науқанына қатысып, сол жерде өзін нашар сезінген. Емдеуші дәрігері оның мұрнынан су ағып, жөтеліп жүргенін байқапты. COVID-19-ға тапсырған сынамасынынан кейін президенттің вирус жұқтырғаны анықталды. 82 жастағы саясаткер жұмыс сапарын бірден тоқтатып, өз резиденциясына оралды.

Ақ үй өкілдері президенттің ауруы жеңіл түрде өтіп жатқанын айтады. Бірақ ұшаққа отырар алдындағы видеодан оның әзер қозғалып жүргенін байқауға болады. Байденнің денсаулығына қатысты осыған дейін де сан түрлі алып-қашпа әңгіме тараған еді. Ал президенттің өзі дәрігерлер тоқтатуды талап етсе ғана додадан бас тартатынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде