{metadescription}
Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл және жүк көлігі апатында екі адам қаза болды
Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл және жүк көлігі апатында екі адам қаза болды

Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл және жүк көлігі апатында екі адам қаза болды

Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл машина мен жүк көлігі бетпе-бет соғылып, екі адам қаза болды. Қатты соққыдан «Мазда» көлігінің сау тамтығы қалмаған.

Қайғылы оқиға тас жолдың 446-шақырымында Сарқан қаласы маңында болған. Апаттан Mazda маркалы темір тұлпардың 72 жастағы жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушысы сол жерде жантәсілім етіпті. Ал жүк көлігіне айтарлықтай зақым келмеген, оның жүргізушісі аман.

Қазір полиция жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, сараптама тағайындаған. Сондай-ақ олар жүргізушілердің жолда абай болуын, жылдамдықты шамадан асырмауын сұрайды.

Қасым Жұмаханов, патруль полиция батальонының взвод командирі, полиция капитаны:

18 шілде күні Алматы-Өскемен 446 шақырымында жүк көлігі мен «Мазда» автокөлігі соқтығысып, екі адам қаза болды. Жол жүргенде арақашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде