{metadescription}
Алматыда автобус жолақысы 120 теңге болады
Алматыда автобус жолақысы 120 теңге болады

Алматыда автобус жолақысы 120 теңге болады

Алматыда автобуспен жол жүру құны, ақыры 120 теңге болмақ. Бұл ұсынысты қала мәслихаты депутаттары кезектен тыс сессияда мақұлдады. Жолаушылар жаңа тарифпен 1 тамыздан бастап төлей бастайды.

Әкімдік тасымалдаушыларға бөлінетін субсидияны азайту арқылы артылған ақшаны басқа мақсатта жұмсауын жөн санайды. Осы бастаманы көтерген шенеуніктердің есебінше, жолақы көтерудің арқасында бюджет қаржысы 7 миллиард теңгеге үнемделеді. Ол ақша азаматтардың жеңілдетілген санаттарына, яғни студенттер, зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған тарифке бағытталады. Сондай-ақ жол жүру құнын қымбаттатып, қаланы қоғамдық көліктермен толықтыруды көздеген. Тасымалдаушылар алдағы уақытта 800-ге тарта автобусты сатып алуды жоспарлапты. Соның есебінен биыл 70 шақты елдімекенге қатынайтын 20 бағыт қосылады дейді әкімдіктегілер.

Құны қымбаттауымен қатар, оны төлеудің жаңа жүйесі де енгізілмек. Қолма-қол есептесу тәсілі алынып тасталады. Сонымен қатар жолаушыларға бір аялдамадан түсіп қалып, өзге автобусқа күшін жоймаған билетпен отыруына мүмкіндік беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде