{metadescription}
«Қазақстанда ойдағыдай». Бүкіл әлемде Windows жүйесі істен шықты
«Қазақстанда ойдағыдай». Бүкіл әлемде Windows жүйесі істен шықты

«Қазақстанда ойдағыдай». Бүкіл әлемде Windows жүйесі істен шықты

Бүкіл әлемде Windows жүйесі істен шықты.  Аталмыш операция жүйесі орнатылған компьютерлер бір мезетте өшіп қалған. Осылайша кейбір телеарна, банктер мен әуежайлардың жұмысында кідіріс болды.

Тіпті АҚШ-тың ең ірі әуекомпаниясы сервердегі олқылықтардың кесірінен біршама рейстерін кейінге қалдырған.

Ал Түркия жұрты әуе билетін сатып ала алмай, уақытында рейске тіркелуге үлгере алмай әуре-сарсаңға түсіпті.

Техникалық мәсеге байланысты Германиядағы халықаралық әуежай жұмысын уақытша тоқтатқан.

Windows жүйесіндегі ақау әлемдегі ірі қаржы ұйымдарына да айтарлықтай әсер етті. Аустралия мен Ұлыбритания банктері онлайн қызмет пен аударымда проблема туындағанын хабарлады.

Ал елімізде компьютерлердің өшіп қосылғаны болмаса, айтарлықтай қиындық туындамады.  Еліміздің цифрлық даму министрлігі барлық сервер қалыпты жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде