{metadescription}
Астанада G-Park салымшылары тағы да бас көтерді
Астанада G-Park салымшылары тағы да бас көтерді

Астанада G-Park салымшылары тағы да бас көтерді

Астанада G-Park салымшылары тағы да бас көтерді. Екі жылдан бері құрылыс компаниясының құрғақ уәдесінен шаршаған олар, енді ақшаны толық қайтаруды талап етіп отыр. «Сот пен ішкі істер министрінен қайран болмады» деген азаматтар бүгін Президент әкімшілігіне шағым жазды. Тартысты жиынның нүктесі қашан қойылатынын КТК тілшісі біліп қайтты.

Әншісі бар, блогері бар, әйтеуір осыдан екі жыл бұрын «Джипарктің салымшысы атан» деген жалаулатқан жарнамалардан Астанада көз сүрінетін. Салымшылардың алды баспанасын алып, қуанған видеолары да кең тарады. Жаһанға жаппай мақтаған соң, құрылыс компаниясына шүбәсіз сеніп, соңғы тиынын есептеп бергендердің бірі Әйгерім Әбділдаева. Бірден 13 миллион құйған ол енді екі жылдан бері бір тиынын да өндіре алмай жүр.

Әйгерім Әбділдаева, салымшы:

Әкімдікке де, ІІМ-не бардық. Бірақ, бізге G-Park осындай күні ақшаны қайтарып береді деп айтпайды да, ешкім «ақшаны сол күні қайтарады» деп кестесін де бермейді . G-Park қалай үн-үнсіз, солай үн-түніз отыр. Маңдай термен тапқан ақшамыз. Енді не істерімізді білмей отырмыз.

Бұл тұрғын үй дәл желіні жарған жарнамадағыдай болса, салымшылар тура екі жыл бұрын үйіне кіріп, тұрмысын жалғастыра беруші еді. Алайда дәл артымдағы көріністі көріп тұрсыздар. Мүлдем құрылыс басталмаған. Тек әр жерде крандардың қылтиып тұрғаны болмаса.

Бір Астананың өзінде 12 тұрғын үй кешеніне ақша құйып, құрылысы әлі басталмаған, басталса да, құжаттары расталмаған жағдай жиі кездеседі. Салымшылар жауаптыны іздеп әбден мезі болған. Ал аты «мен мұндалаған» мердігердің жарнамасы әлі күнге дейін тоқтамапты.

Гүлмира Қасымова, салымшы:

2022 жылда G-Park туралы көп жарнама шықты. Жақсы үйлер салынып жатыр деп. Мен де сол үйлерді алғым келіп, жаранамаға сеніп бардым. Енді екі жыл өтті, үй де жоқ, ақша да бермей жатыр. Барлығымыз сот құжаттарымен жүрміз.

Қаланың сәулет-құрылыс бақылау басқармасы G-Park -тің атын естісе болды, ашуға булығып кететін салымшылардың соңғы кезде күн санап өсіп жатқанын айтады. Екі жақты келісімшарт негізінде мұндай азаматтарға тек сотқа жүгінген абзал.

Ернұр Баймұсаев, Нұра ауданы инспекциясының бас маманы:

Бүгінгі таңға дейін Астана қаласының әкімдігіне көптеген арыз-шағымдар түсті. Өздерінің келісімшарт негізінде шарттарын орындамау жағдайында үлескерлерден көптеген арыз-шағым келіп түседі. G-Park құрылыс компаниясымен 10 көпқабатты нысандар салынуда. Оның ішінде бес нысанда толық рұқсат құжаты бар. Құрылыс жүргізіліп жатыр.

Сотқа жүгіну демекші, салымшылардың біразы түрлі мекеменің есігін тоздырғаны қашан. Келісімшарт негізінде мәселе өз пайдасына шешілсе де, мердігер ақшаны қайтармай отыр. Күнде бітпейтін «ертеңмен» шектелуде. Бұл жолы компания басшылығы тағы да "шамамен екі ай берсеңіздер, барлығын төлеп құтыламыз" деп, қысқа қайырды.

Мақсат Досжанов, G-Park компаниясының өкілі:

Иә, қазір, шынында, көптеген шағым түсіп жатыр, арыз түсіп жатыр. Қазір халық осы мәселе бойынша көтеріліп жатыр. Алайда біздің келісімшарттар негізінде бар ақшаның қайтарылуы, 80 пайыз жоғарысын қайтарып болдық. Енді қалған 20 пайызы, біздіңесебімізбен, екі айда толық қайтарылады.

G-Park басшылығына сенуден қалған салымшылар бүгін Президент әкімшілігіне де барып, шағым хаттарын толтырып кетті. Енді күтуден басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде