Жасанды интеллект саласында кадр даярлау мықтап қолға алынды
Елімізде жасанды интеллектің қыр-сырын білетін маман дайындау мықтап қолға алынады. Бүгін Президенттің қабылдауында болған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
19.07.2024
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
— Жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау мәселесі қолға алынды. Қазір 17 жоғарғы оқу орнының негізінде 15 арнайы пысықталған оқу бағдарламаларымен екі мыңнан астам студентіміз оқып жатыр.
Жасанды интеллект бойынша жастарды тек Қазақстанда емес, шетелдерде де оқыту жоспарланып отыр. Ол үшін «Болашақ» бағдарламасымен жыл сайын 100 стипендия бөлінбек. Министр екі жыл ішінде елімізде 25 шетелдік университеттің филиалы ашылғанын да жеткізді. Министр мемлекеттік жоғарғы оқу орындарын халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыруды көздеп отыр. Бұл мақсатта келісімдер жасалып та қойған. Мемлекет басшысы өз кезегінде министрге жоғары білім мен ғылым инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде тапсырмалар берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!