Бангладеш: Студенттер наразылығында 40 адам қаза тапты
Бангладештегі студенттердің наразылық шарасы кезінде қаза тапқандар саны 40 адамға жетіп қалды. Жүздеген шеруші жарақаттанған.
Автор: Ақтоты Жұмабек
19.07.2024
Қарсылық акциялары бүкіл елдің аумағында өтіп жатыр. Интернет пен мобильді байланыс үзілген. Тәртіпсіздіктің басталуына биліктің мемлекеттік қызметке азаматтарды квотамен ғана қабылдау шешімі түрткі болған. Бұл заңның қарсыластары мен жақтастары бірнеше күннен бері шерулетіп, оның соңы үлкен қақтығысқа ұласты. Соның салдарынан соңғы күндері бұл елде наразылық шарасы өскен. Соңғы мәліметтерге қарағанда, ел аумағындағы мектептер мен университеттер жабылып, қалада қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Тәртіпті қадағалауға жауынгерлер жіберіліп жатыр.
Ресми дерекке сүйенсек Бангладештің 170 миллион халқының 32 миллионға жуығы жұмыссыз және білімсіз екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!