{metadescription}
InEco fest —  Алматыда алғаш рет экология және инклюзия фестивалі өткізілді
InEco fest —  Алматыда алғаш рет экология және инклюзия фестивалі өткізілді

InEco fest — Алматыда алғаш рет экология және инклюзия фестивалі өткізілді

Қоғаммен араласып, білімін шыңдай түсті. Алматыда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар мен 12 мүшесі сау тұрғындарға да арналған экология және инклюзия фестивалі өтті. InEco fest деп аталатын шарада келушілерге табиғатты қорғау, гүл отырғызу мен өсімдік баптау төңірегінде шеберлік сағаттары өткізілді. Аутист балаларға зейінін ашатын ойындар мен арнайы концерт ұйымдастырылды.

Отандық және әлем өсімдіктері жиынтығынан тұратын бас ботаникалық баққа келушілер таң ата жинала бастады. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін фестивальді көруге келген. Арасында мүмкіндігі шектеулі жандар, түрлі дертке шалдыққан балалар да көп. Шараның басты мақсаты да осы. Адамдардың басын біріктіріп, біліктілігін шыңдау.

Гүлзира Өтетілеуова, Chevron компаниясының келіссөз жүргізу мен жоба жөніндегі бас менеджері:

Әртүрлілікті құрметтеу, тұрақты даму тәжірибесіне  қолдау көрсету және инклюзивті құрметтеу. Бұл шара осы үш мақсатты қосып отыр. Қатысқан адамдар бүгін әр түрлі шеберлік сабағына  қатысады. Ішінде, мысалы , флористика, түрлі өсімдікті біріктіріп букет жасау, сосын өсімдіктерді отырғыу деген сияқты шеберлік сабақтары бар.

Балаларға сурет салу мен өсімдіктерді трансплатациялау сынды шеберлік сабақтар өткізілді. Барлығы саябақта экскурсия жасап, фильм, арнайы концерт тамашалады. Саябақ өкілдері мұнда келушілер жүйкесін тынықтырып қайту үшін барлық жағдай жасалған дейді.

Баян Қоспенбетова, Алматы Ботаника бағының маркетинг және PR бөлімі бастығы:

Біз ботаникалық баққа келушілерден тек қана жылы лебіздер алып келеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандар бізге алғыс айтып жатады. Барлығы қолжетімді. Мүгедектерге саябаққа кіру  тегін. Осы фестивальдің арқасында сол мүмкіндігі шектеулі жандардың мынадай әсем табиғатта демалуына, өсімдіктер жайында өзіне қажет мағұлмат алуына мүмкіндік беріп отырмыз.

Шарада суреттер көрмесі мен сән көрсетілімі, қайырымдылық эко-жәрмеңкесі де өткізілді. InEco fest  IteachMe қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен елімізде алғаш рет өткізілді. Енді ұйымдастырушылар оны жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.