{metadescription}
«Майқайың-алтын»: Жоғалған екі құтқарушының біреуінің денесін алып шықты
«Майқайың-алтын»: Жоғалған екі құтқарушының біреуінің денесін алып шықты

«Майқайың-алтын»: Жоғалған екі құтқарушының біреуінің денесін алып шықты

Жарты жылдан кейін кеніш түбінен алып шықты. Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кенішіне түсіп, із-түссіз жоғалған екі құтқарушының біреуі бүгін табылды. Болжам бойынша, шыңыраудан шығарылған дене Айдос Шаймерден болуы ықтимал. Бұл ақпаратты марқұмның жұбайы да растап отыр. Себебі оқиға орнынан құтқарушының жетоны табылған. Қазір марқұмның жеке басын растау үшін мәйіт сот- медициналық сараптамаға жіберілді.

Іздеу жұмысын жүргізген кәсіби әскерилендірілген апаттан құтқару қызметінің республикалық орталық штабы өкілдерінің сөзінше, құтқарушының денесі бүгін сағат таңғы алтының шамасында табылып, 13:45-те жер бетіне шығарылған. Бұған дейін жер астында қалған қос құтқарушыны іздеу мақсатында «Алтыналмас» акционерлік қоғамының мамандары тартылған. Сканерлеу нәтижесі бойынша жоғалған автобус 12 метр тереңдікте жатқаны анықталды.

Ал араға жарты жыл салып табылған марқұмның денесі 70 метр тереңдіктен шығарылыпты. Еске салсақ, 4 қаңтар күні «Майқайың алтын» кенішінің аумағында апат болып, төрт адам мінген автобус шұңқырға құлаған. 150 метр тереңдіктен екі құтқарушының денесі сол күні табылып, жерленді. Араға алты ай салғанда ғана үшінші азаматтың денесі анықталды. Ал 12 метр тереңдікте жатқан автобус пен 55 жастағы құтқару қызметінің жүргізушісі Айып Тілеубергеновті шығару әлі мүмкін болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде