{metadescription}
БҚО, тасқын: Премьер-министр жаңа үйлердің құрылысын тексерді
БҚО, тасқын: Премьер-министр жаңа үйлердің құрылысын тексерді

БҚО, тасқын: Премьер-министр жаңа үйлердің құрылысын тексерді

Премьер-министр тасқыннан зардап шеккен батыстағы облыстарға барып, жаңа үйлердің құрылысын тексерді. Өйткені Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары кестеден едәуір кешеуілдеген. Ал топан судан баспанасынан айырылған халық жаңа қонысын әлі күтіп отыр. Олжас Бектенов бүгін жұмысты мандытпай жатқан өңір басшыларына құрылысты тездетуді тапсырды.

Қазір Батыс Қазақстан облысына қарасты Подстёпное, Деркөл ауылдарында және Оралдың Жұлдыз ықшамауданында жалпы саны 400-ге жуық үй салынып жатыр. Оларды тезірек пайдалануға беру үшін екі, не үш ауысым жұмыс кестесіне көшу қажет дейді премьер-министр. Бірақ асығамын деп, құрылыс сапасын ұмытпаған абзал.

Олжас Бектенов тасқыннан соң бүлінген инженерлік желілер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру қажет екенін айтты. Облыс әкімдігіндегілер бұл жұмыс биылғы күзде аяқталады деп сендіріп отыр. Батыс Қазақстан облысынан кейін Үкімет басшысы Ақтөбе облысының Ойыл ауданына да барды. Құрылыс тым баяу жүріп жатқан елдімекеннің бірі Шығанақ Берсиев ауылы. Көктемгі тасқында үйі қираған ауылдықтар әлі шатырда тұрып жатыр. Ал мұнда біткен үй тұрмақ, тамыз таяса да, іргетасы әлі қаланбаған үйлер бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде