{metadescription}
Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат: Астана және шетел дәрігерлері емдеуге келді
Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат: Астана және шетел дәрігерлері емдеуге келді

Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат: Астана және шетел дәрігерлері емдеуге келді

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан ауыр жарақат алған жұмысшыларды емдеу үшін елорда мен шетелден білікті дәрігерлер жетті. Оқыс жағдай сенбі күні болған. Өндіріс орнындағы пештен жалын шығып, чегіз жұмысшы күйіп қалған.

Берік Төлеубаев, Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана директорының орынбасары:

Жұмысшылардың бәрі түрлі деңгейде күйген. Сегіз адамның алтауын жансақтау бөліміне жатқыздық. Тағы екеуі қарқынды терапия бөлімінде. Бәріне көмек көрсетілді. Астанадан республиканың бас травматологы, бас комбустиолог пен анестезиолог-реаниматологы келді. Жұмысшыларды емдеуде жоғары деңгейдегі дәрігерлермен кеңесіп отырмыз. 

Жарақат алғандар 30-ға да толмаған жастар. Ең ересегі 43 жаста болса, ең жасы 21-де ғана. Ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі күйік шалғандарды емдеу үшін Түркия мен Израиль мамандарынан онлайн кеңес алған. Апат себебін анықтау үшін Төтенше жағдайлар департаменті мен өндірістік қауіпсіздік департаментінің мамандарынан құралған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Зауыттағы оқыс жағдайға не себеп болғанын тек екі айтпадан кейін мәлім болмақ.

Жалын атқылаған №1 пештің жұмысы қазір тоқтап тұр. Дегенмен кәсіпорын жұмысын штат режимінде жалғастырып жатыр. Полицейлер бір баппен қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Мұрат Қаракекілов, Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

  Комиссия жұмысын апат болған сенбі күннен бастап кетті. Апат орнын жіті қарап, оқыс жағдайды көзбен көрген куәгерлерден жауаптар алынды. Техникалық құжаттар мен жұмыс орнының аттестациялық материалдары алынды. Өкінішке қарай, бұл ұйымда кәсіподақ болмағандықтан жарақат алған жұмысшылардың мүддесін ұжым тағайындаған қызметкер қорғайтын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде