АН-2 ұшағы апатына қатысты комиссия құрылып, тергеу басталды
Ақмола облысында апатқа ұшыраған АН-2 ұшағына қатысты тергеу басталды. Құлаған әуе техникасы «Беркут» әуе акомпаниясына тиесілі. Бортта ұшқыштан басқа ешкім болмаған.
Автор: Әсем Лесбек
22.07.2024
Ол ұшақты техникалық тексерістен өткізу үшін көкке көтергенде өрт шығыпты. Дер кезінде ұшқыш секіріп кетіп аман қалды. АН-2 Державинск қаласынан он шақырым жерге құлаған. Мамандар апат орнына дереу жетіп, өртті толығық сөндірді. Көлік министрлігі оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтты.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі.
— Көлік министрлігі әуе апаты оқиғасын тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрды. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғалар тексеру департаменті жедел оқиға орнына жіберілді. Тергеудің бірінші кезеңі басталды. Жалпы заң аясында тергеу үш ай жүргізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!