{metadescription}
Астанада тамыздан бастап жол ақысы 110 теңге болмақ
Астанада тамыздан бастап жол ақысы 110 теңге болмақ

Астанада тамыздан бастап жол ақысы 110 теңге болмақ

Елордада 1 тамыздан бастап жол ақысы қымбаттайды. Астана әкімдігі қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге көтерілетінін мәлімдеді. Келесі айдан бастап жолақы 110 теңге.

Әлихан Керімжан, Астана көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас маманы:

Бұл тарифтің құны соңғы рет 2014 жылы белгіленген және бүгінге дейін өзгертілмеген. Дизель отынның құны 2014 жылы 107 теңгені құрайтын болса, бүгінде 295 теңге. Тариф құны 90 теңге болғандықтан, мемлекеттен бөлінетін субсидияға ауырлық келтіріп отыр. Тигізіп отыр. Субсидиялау бағасы болжаммен бір 15 пайызға түседі. Бұл жаңа бағытта автобус ашуға және кестені ұлғайтуға көмек береді.

Қала аумағында жолаушы тасымалы саласында 8 тасымалдаушы жұмылдырылған. Күн сайын көшеге 1100 қоғамдық көлік шығып, 700-ге жуық жолаушыны тасымалдайды.

Бір айта кетерлігі, тамызда күшіне енетін өзгеріс бәріне бірдей қатысты емес. Мәселен Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балаларға жол жүру құны тегін болып қала береді. Сондай-ақ арнайы санатқа жататын азаматтар бұрынғыдай жеңілдікпен жүреді.

Ал жауапты компания билет бағасының қымбаттауымен айлық жүру ақысы әзірге өзгеріссіз, сол қалыпта қалатынын жеткізді.

Оксана Әубәкірова, City Transportation Systems ЖШС баспасөз хатшысы:

Тұрғындардың қолайлылығы үшін тамыз айында ұзақ мерзімді жол жүру – айлық, үш айлық, сондай-ақ күнделікті жол жүру тарифтерінің бағасы сол қалпы қалады. Егер қандай да бір өзгерістер болған жайғдайда, міндетті түрде алдын ала хабарлаймыз. Өзгерістің алдында мамандармен жан-жақты талдау жүргізіледі. Қымбаттаған күнде де астаналықтардың қалтасына салмақ салмайтындай баға қоюға тырысамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.