{metadescription}
АҚШ: Камала Харрис президенттікке ұсынылған алғашқы қара нәсілді әйел болуы мүмкін
АҚШ: Камала Харрис президенттікке ұсынылған алғашқы қара нәсілді әйел болуы мүмкін

АҚШ: Камала Харрис президенттікке ұсынылған алғашқы қара нәсілді әйел болуы мүмкін

АҚШ-тағы саяси дода одан әрі қыза түсті. Камала Харрис президенттікке ұсынылған алғашқы қара нәсілді әйел болуы мүмкін. Оның кандидатурасы демократиялық партияның съезінде делегаттардан қолдау тапса, Харрис 5 қарашада өтетін саяси додаға түсуі әбден мүмкін.

Жергілікті басылымдар Джо Байденнің командасы енді қазіргі вице-президент Харрис үшін жұмыс істейтінін жарыса жазуда.

АҚШ-тың 46 президенті алдағы президенттік сайлауға қатыспайтынын жариялаған әрі соңғы дебатта сөзінен жаңылса берген Байден көпшіліктің қолдауынан айырылды. Сөйтіп 81 жастағы демократ өзінің ресми мәлімдемесінде вице- президенті Камаланың кандидатурасын қолдайтынын мәлемдеген. Алайда оның президенттік сайлауға өтуі үшін партияластарының басым бөлігінің дауысы қажет. Харрис ол дауысты жинаса, президенттік сайлауға қатысқан алғашқы қара нәсілді әйел ретінде тарихта қалмақ.

Айта кетейік, 59 жастағы Камала Харрис еңбек жолында тез көтерілген саясаткерлердің бірі. Ол Калифорния штатының бас прокурорынан сенаторлыққа өткен.

Камала Харрис, АҚШ вице-президенті:

 Демократиялық партия мен ұлтымызды біріктіру, Дональд Трамп пен оның экстремалды бағдарламасынан басым түсу үшін  мен барымды саламын. Сайлауға 107 күн ғана қалды. Бәріміз бірге күресеміз және жеңіске бірге жетеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.