Үндістанда «Чандипура» вирусынан 16 адам көз жұмды
Үндістанда «Чандипура» — жаңа вирус таралып, одан 16 адам көз жұмды. Тағы 50 азамат аталмыш аурудың белгілерімен ауруханада жатыр.
Автор: Ақтоты Жұмабек
22.07.2024
Қауіпті инфекция «Чандипура» деп аталады. Ол алғаш рет 1965 жылы Үндістандағы Чандипура елдімекенінде тіркелген. Вирус маса, шіркей арқылы таралады екен. Алғашқы белгілері: науқастың басы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Сосын энцефалитке, яғни мидың қабынуына әкеп, науқас демде өліп кетуі мүмкін. Әлі толық зерттелмеген індетке қарсы әзірге дәрі-дәрмек пен екпе де жоқ.
Нареш Чавла, вирусолог:
— «Чандипура» вирусы Гуджараттағы кейбір балаға да жұқты. Өкінішке қарай, ауруға шалдыққан балалардың көбі қайтыс болды. Ауру әдетте жоғары температура, құсу, қатты бас ауруымен бірге жүреді. Бұл балаға ауыр жағдай. Ең қорқыныштысы — вирус жұқтырғаннан кейін науқас бір-екі күн ішінде өліп кетуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!