{metadescription}
Алаяқтар әкімнің атынан ақша сұрауға көшті
Алаяқтар әкімнің атынан ақша сұрауға көшті

Алаяқтар әкімнің атынан ақша сұрауға көшті

Алаяқтар әкімнің атынан ақша сұрауға көшті! Оңай пайда көздегендер тұрғындарға Ерболат Досаев болып хат жазады екен. Сондай хабарламалардың бірі әнші Мақпал Жүнісоваға да жолданған. Алматы әкімінің суреті қойылған нөмірден хабарласқандар алдымен өнерпаздың хал-жағдайын сұрапты.

Мақпал Жүнісова, әнші:

 Маған WhatsApp-қа Алматы әкімінен хат келді. Мұрным шелектей болып, «Осындай да әкімдер бар екен ғой, жағдайымды сұрап жатыр» деп қуанып, шок болып едім. «Ереке, рахмет» деп қойып, жарты сағат қойған сұрақтарына жауап беріп отырсам, мені алаяқтар алдаған екен. «Мен алдандым» деп мойындайын. Алпыстан ассақ та, алданып қалып отырмыз.

Әкімнен хат алып бір қуанған Мақпал Жүнісова, кейін бірдеңеден күдіктеніп, әкімдік қызметкерлеріне хабарласыпты. Сөйтіп, хаттың алаяқтан келгеніне көз жеткізген. Арбауға түсе жаздаған әнші желідегі оқырмандарын сақ болуға шақырды.

Іле-шала, Алматы қаласының әкімдігі де мәлімдеме жасап, Ерболат Досаевтың атынан қарызға ақша сұрайтындарға мүлдем сенбеу керек екенін ескертті.

Ал полицейлер интернет алаяқтардың тым көбейіп кеткенін айтып отыр. Тәртіп сақшылары күдікті интернет алаяқтарға тап болған жағдайда дереу 102-ге хабарлауды сұрайды.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

 Өзіңізге тиесілі құжаттарды, оның ішінде банк шоттарын өзге тұлғаларға жібермеңіздер. WhatsApp-қа келген күдікті сілтемелерді ашпаңыздар. Өйткені сол сілтемелерді ашу арқылы, сіз қылмыскерлерге өз телефоныңызды пайдалануға бергендей боласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде