{metadescription}
ҰҚК Түркістан облысында есірткі зертханасын әшкереледі
ҰҚК Түркістан облысында есірткі зертханасын әшкереледі

ҰҚК Түркістан облысында есірткі зертханасын әшкереледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты. Бұл жолы есірткі дайындайтын цех Түркістан облысынан анықталған.

Есірткіні әзірлеп жатқан сәтте арнайы жасақ сау етіп кіріп келіп, олардың үстінен түскен. Жасырын цехта 60 келіден астам псиотроп зат, 2 жарым тонна прекурсор мен құрал-жабдықтар тәркіленді. Қылмыс орнында қолға түскен екі күдікті қамауға алынды. Оларға қатысты аса ірі мөлшердегі есірткі, психотропты заттарды заңсыз дайындау, сақтау және тасымалдау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде