{metadescription}
Алматы облысы: «Қазпошта» кассирлері 84 миллион теңге ұрлаған
Алматы облысы: «Қазпошта» кассирлері 84 миллион теңге ұрлаған

Алматы облысы: «Қазпошта» кассирлері 84 миллион теңге ұрлаған

Алматы облысында «Қазпошта» бөлімшесінің кассирлері 84 миллион теңгені жымқырған. Олар халыққа төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеуден түскен пайданың бір бөлігін иемденіп келіпті.

Бұл қитұрқы әрекетті Жамбыл ауданының пошта қызметкерлері 2021-2023 жыл аралығында жүзеге асырған. Олар бірнеше жыл бойы жергілікті көші-қон қызметіне жалған түбіртек беріп, мемлекетке шығын келтірген. Қазір аса ірі мөлшерде жымқыруфактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кетті. Істің мән-жайын Қаржы мониторингі агенттігі мен облыстық прокуратура қызметкерлері анықтап жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

 Көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы көпе-көрнеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 миллион теңгеден аса шығын келтірген. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқық бұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Сондай-ақ, агенттік экономикалық құқық бұзушылықтар жайлы АФМ Insaider телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде