{metadescription}
Резервтегі үш мың офицер мен сержант әскери дайындығын қайта пысықтайды
Резервтегі үш мың офицер мен сержант әскери дайындығын қайта пысықтайды

Резервтегі үш мың офицер мен сержант әскери дайындығын қайта пысықтайды

Биыл тұңғыш рет елімізде резервтегі үш мың офицер мен сержанттар әскери дайындығын қайта пысықтайды. Қазір соның мың жарымы Абай облысындағы «Шығыс» полигонына жеткізілді.

Жауынгерлік дайындықты шыңдаудың өз себебі бар: әскери кафедраны бітірген офицерлер мен сержанттар арасында әскери іс-қимылды білмек түгілі, қолына нағыз қару алып көрмегені де бар. Запаста тұрғандар Қарағанды және Абай обылыстарында бір ай бойы қайта дайындықтан өтеді. Ал Отан қорғаушылар осы уақыт ішінде 40 -тан астам әскери мамандықты толық меңгеруі тиіс. Оның ішінде мотоатқыштар, артиллерия және зенит бөлімдерінің мамандары бар. Қазір оларға даладан лагерь ашылып, арнайы жабдықтар онатылған. Ал офицерлер мен сержанттар дайындығын еліміздің қорғаныс министірлігі қадағалайды.

Сұлтан Камалетдинов, ҚР Қорғаныс министірінің бірінші орынбасары:

Біз кез келген жағдайда ата-бабамыздан мұра болып қалған қасиетті жерімізді әрқашан қорғауға дайын болуға тиіспіз. Ол үшін әскери дағдыны шыңдап жетілдіру қажет. Әскери жиыннын басты міндеті де осы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде