{metadescription}
Алматы хайуанаттар бағында бұғы егіз туды — Аяла мен Шпион
Алматы хайуанаттар бағында бұғы егіз туды — Аяла мен Шпион

Алматы хайуанаттар бағында бұғы егіз туды — Аяла мен Шпион

Алматы хайуанаттар бағы бірден екі төлмен толықты. Шіліңгір шілденің ортасында Ақкербез бен Кругляшок атты ала бұғылардан егіз туылды. Әрқайсысы төрт келі тартатын төлдерге зообақ қызметкерлері лайықты ат қойып та үлгерген.

Аптап ыстықта дүниеге келген кішкентай бұғылар табиғатынан өмірге тез бейімделгіш. Қазір жануарлар анасының сүтімен ғана қоректенед. Ала бұғылардың шөп, арпа, тартылған жем мен жоңышқаға көші үшін біраз уақыт керек. Егіздердің екеуі де ұрғашы, салмағы төрт келі шамасында. Зообақ мамандары оларға есім беріп үлгерген.

Ұлжанар Әділаева, Алматы хайуанаттар бағының маманы:

Аяла және Шпион деп қою себебі, төлдер өмірге келген кезден бастап, Шпион атты төліміміз ана сүтін іздеп, сонымен қатар өмірге тез бейімделіп кетті. Оның есімін Шпион деп атапты, зообағымыздың мамандары. Ал Аяла деу себебі, кішігірім, әлсіздеу болып туды. Нәзік келгендіктен Аяла деп қойған екен.

Қазақ киелі жануар дейтін бұғылар шамамен 20 жылға дейін өмір сүреді. Ең қызығы, Шпион мен Аяланың анасы Ақкербез де бір егіздің сыңары. Әдетте бұғылар бір төл туады, оларда егіз төл сирек кездеседі.

Қазір Алматы хайуанаттар бағында төртаяқтылар саны 11-ге жеткен. Барлығы бір қоршаудың ішінде тұр. Зообаққа келушілер көз сүйсінтер аңдарды еш кедергісіз көре алады.

Ұлжанар Әділаева, Алматы хайуанаттар бағының маманы:

Анасының да, әкесінің де жағдайы өте жақсы. Теңбіл бұғылар, яғни табиғаттың өзінде болсын, жалпы зообақтарда болсын, төлді өмірге алып келгеннен бастап бір қоршауда басқа теңбіл бұғылармен бірге тұра береді. Олар бір-біріне мейірімді жануар. Ешқандай басқада бір теңбіл бұғылардан қауіп келмейді.

Соңғы жарты жылда Алматы хайуанаттар бағында 90-ға жуық төл дүниеге келген. Жануарлар саны кенгуру, лемур, кірпі, аю, маймылдар мен құстардың бірнеше түрімен толықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде