{metadescription}
Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған жұмысшылардың бірі көз жұмды
Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған жұмысшылардың бірі көз жұмды

Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған жұмысшылардың бірі көз жұмды

Қарағандыда зауыттағы өрт кезінде күйіп қалған жұмысшылардың бірі есін жимастан көз жұмды. Ферроқорытпа зауытындағы апаттан 31 жастағы марқұмның денесінің 85 пайызы күйіп, жансақтау бөлімінде жатқан болатын. 

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

80 пайыздан астам терісінің күйікке шалдыққан. Полиорган дейміз, ең бастысы жүрекке, бүйрекке соғатын. Бүгінгі күні, өзіңіз айтып отырғандай, дәлелдеп отырмыз. Отбасына көңіл айтамыз.

Ферроқорытпа зауытында апат 23 шілде күні таңертең болған. №1 пештен кенеттен шыққан алапат жалын сол маңда жүрген жұмысшыларға тиеді. Зауыттың сегіз жұмысшысының денесі 10 мен 100 пайыз арасында күйген. Әлі де жансақтау бөлімінде жатқан бес адамның хәлі мүшкіл. Тағы екеуі комбустиология бөлімшесінде емделуде. Апаттан соң шұғыл құрылған арнайы комиссия оқыс жағдайдың себебін анықтап, екі аптада айтуы тиіс. Сонымен қатар жарақат алған жұмысшылар ауруханаға неліктен жедел жәрдем көлігімен емес, кәсіпорынға тиесілі «Газельмен» жеткізілгені де тексеріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде