{metadescription}
Бюджеттің 4 жарым млрд теңгесін жеген талдықорғандық 21 есепші сотталды
Бюджеттің 4 жарым млрд теңгесін жеген талдықорғандық 21 есепші сотталды

Бюджеттің 4 жарым млрд теңгесін жеген талдықорғандық 21 есепші сотталды

Балалардың оқу-біліміне бюджеттен бөлінген 4 жарым миллиард теңгені жымқырған талдықорғандық 21 есепші сотталды. Аса ірі көлемдегі қаржыны қалталарына басқандар білім бөлімі мен мектептерде жұмыс істеген.

Қылмыстық топты Талдықорған білім бөлімінің бас есепшісі құрып жетекшілік еткен. Ол үш жыл бойы қарамағындағы 7 адам мен мектептердегі есепшілердің көмегімен ұстаздарға белгіленген жалақыдан артық ақша қосып, сондай-ақ жоқ адамдардың атына айлық жаздырып отырған. Қыруар қаражатты туысқандарының банк шоттарына аударып, кейін өзара бөлісетін бопты. Жемқорлықпен түскен қаражатты жер телімдерін, үй, пәтер, автокөлік пен зергер бұйым алуға жұмсапты.

Арам жолмен келген мүлік, нақтырақ айтсақ, сотталушылардан 3 жарым млрд теңге тәркіленді. 20 бухгалтер 7 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот отырысында екі айыпталушыға мемлекетке келтірген шығынды толық өтегені үшін 7 жыл шартты түрде жаза кесілді. Ал бір есепшіге қатысты қылмыстық іс оның өліміне байланысты тоқтатылған. 

Бақыт Ермаханов, Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы:

 Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Сот отырысында, сот тергеуінде жүздеген, 120-дан аса куәгерлер жауап берді. Сотталушылардың ішінара толық мойындаған жауабы сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді. Сот 7 жылдан 15 жылға аралығында жаза тағайындады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде