{metadescription}
Алматыда субұрқақта көз жұмған бозбаланың өліміне қатысты сараптама шықты
Алматыда субұрқақта көз жұмған бозбаланың өліміне қатысты сараптама шықты

Алматыда субұрқақта көз жұмған бозбаланың өліміне қатысты сараптама шықты

Алматыда субұрқақта тоқ ұрып, қаза болды деген жасөспірім өліміне қатысты сарапшылар тоқ етерін айтты. Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығының мамандары бозбала суға тұншығып өлді деген тоқтамға келген. 

Сарапшының айтуынша, 17 жастағы жігіт суға түскен кезде тыныс алу жолдары жабылып қалған. Содан туындаған механикалық асфексиядан көз жұмды, дейді мамандар. Мұны зертханадағы тексеріс растап отыр.

Сондай-ақ сарапшы жас жігітті электр тоғының соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 19 маусым күні болған. 17 жастағы мектеп түлегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҰБТ тапсыруға келген. Селфи жасамақ болған жігіт субұрқаққа құлап, оқиға орнында мерт болды.

Миржан Байсадықов, Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары:

Өлім суға батқанда тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.