Әртараптандыру: Бидай, күріш, мақта алқабы қысқартылды
Елімізде бидай, күріш пен мақтаның алқабы қысқарды. Ауыл шаруашылығы министрі мұны егіс алқаптарын әртараптандырумен байланыстырды. Яғни бұдан былай майлы дақыл өсіруге ерекше ден қойылады дейді Айдарбек Сапаров.
Автор: Мерей Қалиасқар
23.07.2024
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
— Бидай алқабы 450 миллионға қысқартылды. Сондай-ақ майлы дақыл 608 мың гектарға және қант қызылшасы 9,4 мың гектарға ұлғайтылды. Суды көп қажет ететін дақылдар алаңы – күріш 6,9 мың гектарға, мақта 16 мың гектарға қысқартылды. Биылғы егіс жұмыстарында жүргізілген сапалы дайындық егілген егіннен жақсы өнім алуға мүмкіндік береді.
Министр көктемгі егіс жұмыстарына берілетін жеңілдетілген несие жайына да тоқталды. Айтуынша, биыл алғаш рет жеңілдікпен кредит беру көлемі «таза» — жылдық 5 пайызбен 580 млрд теңгеге дейін жеткен. Ал өткен жылдары бұл көрсеткіш 180 млрд теңгеден әрі аспапты.
Шегірткелерден бюджетке соңғы жылдардағы рекорд — сегіз миллиард теңге шығын келгені айтылды. Есесіне, дер кезінде жүргізілген улау жұмыстары Үкімет күткендей нәтиже беріпті.
Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:
— Ол үшін республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінді. Үкімет резервінен қосымша 3,9 млрд теңге бағытталды. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуге 400-ден астам арнайы техника тартылды. Бүгінде өңірлердің көпшілігінде бұл жұмыс сәтті аяқталды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Шегірткенің таралуына жол берілген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!