Мопед: Биыл 10 жасөспірім қаза тауып, 180 бала жарақат алған
Жыл басынан бері жол апатынан мопед тізгіндеген 10 жасөспірім қаза тапқан. Кәмелетке толмаған 180 бала жарақат алыпты.
Автор: Әсем Лесбек
23.07.2024
Ішкі істер министрілігінің дерегінше, дәл осы көлік түрінің кесірінен жеті айдың ішінде 150-ден аса жол апаты тіркелген. Соның бәрінде тізгінінде жасөспірім болған. Барлығында бір себеп — жылдамдықты асырған, жол ережесін елемеген. Бағдаршамға тоқтауды да көбі қажет ете бермейді, дейді полицейлер.
Министрлік ата-аналардан баласының әрекетін қадағалады сұрайды. Тәртіп сақшылары қалада ойқастап жүретіндермен күресті күшейтіп, түсіндірме жұмыстарын да жиілеткен.
Шыңғыс Әлекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
— Тағы да айтарымыз: жол қателікті кешірмейді. Ата-аналар, балаңызды қадағалап, заң бұзуына жол бермеңіз. Еске саламын, скутер, самокат, мопед — ойыншық емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!