{metadescription}
Бірқатар жаңалық. Жоғары білім алғысы келетін талапкерге енді пайызсыз несие беріледі
Бірқатар жаңалық. Жоғары білім алғысы келетін талапкерге енді пайызсыз несие беріледі

Бірқатар жаңалық. Жоғары білім алғысы келетін талапкерге енді пайызсыз несие беріледі

Жоғары білім алғысы келетін талапкерге енді пайызсыз несие беріледі. Бұл туралы бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Жобаны жауапты ведомство бірнеше банкпен және қаржы орталығымен бірлесіп әзірлеп жатыр.

Бүгінде бұл тәжірибе АҚШ-та қолданылады және жыл соңына дейін қазақстандық студенттерге де қолжетімді болмақ.

Министрлік жоғары оқу орындарына түсудің өзге де оңтайлы жолдарын қарастырып жатыр. Саясат Нұрбек қазақстандықтардың пайызсыз несиеден бөлек, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы арқылы жинақ ақшасын пайдалануға мүмкіндігі барын атап өтті.

Биыл «Келешек» бағдарламасы да іске қосылмақ. Оның аясында талапкерлердің ата-анасы мемлекет пен банк сыйақыларынан алғашқы капитал көмегімен білім алуға өз бетінше қаражатты ала алады. Айта кетейік, талапкердің өз қаражаты мен сыйақысы және Ұлттық қордан түскен ақшаның бәрі бір шотта жинақталады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Ал төртінші құрал ретінде – биыл іске қосылған, сараланған гранттар жобасы. Кейде талапкер жақсы балл алғанымен, таңдаған мамандығында конкурс жоғары болып, грант жетпей, 100-115 балл алып, бюджет бөліміне түспей қалады. Мұндай жағдайда біз қосымша грант беруге дайынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.