{metadescription}
Оралда баланың терезеден құлауы жиілеп, мамандар түсіндіру жұмысына кірісті
Оралда баланың терезеден құлауы жиілеп, мамандар түсіндіру жұмысына кірісті

Оралда баланың терезеден құлауы жиілеп, мамандар түсіндіру жұмысына кірісті

Оралда балалардың терезеден құлау дерегі көбейді. Құтқарушылардың ескертуін елеп жатқан ешкім жоқ. Ақыры, амалы таусылған мамандар иісшіл итін жетектеп, түсіндіру жұмысын жүргізуге мәжбүр.

Мақсат жұрт назарын аудару. Өйткені олардың құрғақ сөзін тыңдап, таратқан парақшасын оқып жатқан ешкім жоқ сыңайлы. Ата-аналар салғырттығынан жыл басынан бері тоғыз бала терезеден құлап мертіккен. Өкінішке қарай, оның біреуі қаза тапты. Мамандар ұйымдастырылған акцияда балаларға ашық тұрған терезеге жоламауын түсіндірді. Ал арнайы үйретілген төбеттер балаларды қауіпті жерге жолатпай, сүйрелеп әлекке түсті. Енді бұдан оң нәтиже шықпаса, баланы қараусыз қалдырған ата-ана заң жүзінде жауапқа тартылады.

Айбек Ғадылжанов, БҚО ТЖД төтенше жағдайды алдына алу инженері:

ҚР ҚК 119, 141-ші бабына сәйкес, баланың өміріне зиян келтіу немесе өлімге әкеліп соғу бойынша ата-анаға әкімшілік хаттама ішкі істер органдар тарапынан жүргізіліп жатыр. Ата-аналар, балаңызды қараусыз қалдырмаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.