{metadescription}
Қостанайда арақ өндіріп келген жасырын цех анықталды
Қостанайда арақ өндіріп келген жасырын цех анықталды

Қостанайда арақ өндіріп келген жасырын цех анықталды

Қостанайда заңсыз жолмен арақ өндіріп келген жасырын цех анықталды. Олар ұзақ уақыттан бері арақтарын өңірдегі сауда нүктелері арқылы сатып келген.

Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті өндіріс орнынан бір тонна спирт тәркілеген. Оңай олжаға кенелмек болғандар сатуға 8 мың шөлмек алкоголь өнімін дайындап қойған. Заңсыз тауардың нарықтағы құны 9 млн теңге. Жасырын цехтің жұмысы тіпті қарапайым. Олар тек этил спирті мен суды араластырып, құтыларға құюмен айналысқан. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Рүстем Қазыбек,  Қостанай облысы ЭТД тергеушісі:

Заңсыз тауар Қостанай облысының Қамысты, Әулиекөл,  Қостанай  аудандарына таратылып келген. Қазір бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 201-бабының талаптарына сәйкес, басқа  мәліметтер жариялауға жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде