{metadescription}
Шілденің шіліңгір ыстығы енді басталды
Шілденің шіліңгір ыстығы енді басталды

Шілденің шіліңгір ыстығы енді басталды

Шілденің шіліңгір ыстығы енді басталды. Синоптиктер оңтүстіктегі төрт облыста сынап бағамы 45 градусқа дейін көтерілетінін ескертуде. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, әсіресе сенбіде күн қызады.

Ардақ Қалменова, «Қазгидромет» РМК басқарма басшысы:

Температура батыста 23-33°С дейін, солтүстік-батыста 15-28°С дейін, солтүстікте 18-28°С дейін, ал орталықта 25-35°С жылыға дейін төмендейді, шығыста 25-37 дейін жоғарылайды. Оңтүстікте 35-45 дейін, ал оңтүстік-шығыста өте қатты ыстық 35-43 дейін көтеріледі.

Ал елдің батысында, керісінше, қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. 26-27 шілдеде солтүстік пен батыста күн райы шілдеге тән емес салқындау болмақ. Бұған атмосфералық фронттардың өтуі себеп, дейді синоптиктер.

«Қазгидромет» тамыз айындағы қуаңшылыққа қатысты болжамын да жариялады. Құрғақ ауа райы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы аумағында күтілсе, Солтүстік , Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар мен Ақтөбе облыстарында бірқалыпты ылғалды болады деп болжап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде