{metadescription}
Парижде Олимпиадасын өз көзімен көремін деушілер саны рекордқа жетті
Парижде Олимпиадасын өз көзімен көремін деушілер саны рекордқа жетті

Парижде Олимпиадасын өз көзімен көремін деушілер саны рекордқа жетті

Парижде Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына аз уақыт қалды. Алдағы жұмада төртжылдықтың басты додасы алауын жағады. Оны атақты тұлғалар мен әйгілі америкалық рэпер Снуп Догг та қаланың бас көшелерімен алып өтпек.

Кіл мықтылар бәсекесін бүкіл әлем асыға күтіп отыр. Францияда доданы өз көзімен көремін деушілер саны да рекордқа жетіпті. Бүгінге дейін 9 миллионға жуық билет сатылған. Ашылу салтанаты жұмаға белгіленгенімен, олипиада ойындары бүгін ерлер арасындағы футболмен басталып кетті. Матчтар Францияның бірнеше қаласында өтіп жатыр. Онда 23 жасқа дейінгі футболшы құрамалары бәсекеге түседі.

Бүгін регби ойындары да басталды. Ал отандастарымыз күні ертең садақ атудан бақ сынайды.

Париж Олимпиадасына биыл 200-ден аса мемлекет қатысады. Қазақстан құрамасы спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды. Ел намысын 80 спортшымыз қорғайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.