Қырғызстан: Арыстанбап тұрғындары селден зардап шекті
Қырғызстанның оңтүстігінде сел тоқтамай тұр. Жалал-Абад облысының Базар-Қорған ауданына қарасты Арыстанбап ауылында нөсер жаңбырдың соңы жойқын апатқа әкелген.
Автор: Ақтоты Жұмабек
24.07.2024
Сарқырап аққан қызыл су арухана, сауда орындары мен бес көпірді зақымдап, 23 автокөлікті ағызып әкетті Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жайлы әзірге ақпар жоқ. Қазір тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің 90 құтқарушысы мен ауданның азаматтық қорғаныс қызметінен 554 қызметкер, сондай-ақ 14 инженерлік техника мен 13 арнайы техника жұмылдырылды. Оларға жергілікті тұрғындар да көмек беріп жатыр.
Урматбек Шамырқанов, Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары:
— Қатты жауыннан сел жүрді. Су басқан аймақты тазалап жатыр. Азаматтық қорғаныс қызметі не жергілікті тұрғындар да қол ұшын созуда. 18 арнайы техника тазалау жұмыстарына тартылды. Азаматтық қорғаныс қызметінен 130 адам, жергілікті тұрғындарға 100-ге жуық адам тартылды. Су кіріп кеткен тоғыз үйді , аурухананы да тазалап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!